ҚҚА "РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ ЕНШІЛЕС БАНКІНІҢ (ҚАЗАҚСТАН) БІРІНШІ ОБЛИГАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ШЫҒАРЫЛЫМЫ АҢДАТПАСЫНЫҢ ӨЗГЕРТУЛЕРІН ТІРКЕДІ

17.03.11 15:03
/KASE, 17.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Ресей Жинақбанкі" АҚ еншілес банкі (Алматы) бірінші облигациялық бағдарламасының шығарылымы аңдатпасына өзгертулерінің көшірмесін биржаға ұсынды Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігімен (АҚҚ) 2011 жылдың 11 наурызында тіркеліп, "Ресей Жинақбанкі" АҚ еншілес банкі Басқармасының құрамы өзгеруіне байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/TXBN/txbnf4_izm_110311.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.