"KazTransCom" ақ (қазақстан) өз лицензияларын қайта ресімдегені туралы хабарлады

11.03.11 14:43
/KASE, 11.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KazTransCom" АҚ (Алматы) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес қайта ресімделген мынадай лицензияларының көшірмелерін Биржаға ұсынды: - сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласында сараптамалық және инжинирингілік қызмет көрсетуді жүзеге асыру құқығын беретін Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 2005 жылдың 08 қыркүйегіндегі # 07812 МҚЛ мемлекеттік лицензиясы (қайта ресімдеу 2010 жылдың 15 желтоқсанында жүзеге асырылды); - сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласында жобалық-іздестіру қызметін жүзеге асыру құқығын беретін Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 2005 жылдың 08 қыркүйегіндегі # 07811 МҚЛ мемлекеттік лицензиясы (қайта ресімдеу 2010 жылдың 15 желтоқсанында жүзеге асырылды); - сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласында құрылыстық-монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру құқығын беретін Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 2005 жылдың 08 қыркүйегіндегі # 000458 МҚЛ мемлекеттік лицензиясы (қайта ресімдеу 2011 жылдың 31 қаңтарында жүзеге асырылды); - байланыс саласында қызмет көрсетуді ұсыну құқығын беретін Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетінің 2010 жылдың 03 қыркүйегіндегі БАК # 002324 мемлекеттік лицензиясы.