"ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) СОЛТҮСТІК КАСПИЙ МҰНАЙДЫҢ ТӨГІЛУІНЕ ДЕН ҚОЮ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУЫН ХАБАРЛАДЫ

15.03.11 15:31
/KASE, 15.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" (Астана) 2011 жылдың 15 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы 2011 жылы 14 наурызда Атырау қаласында «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК бастамасымен «Каспииде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» деген тақырыпта «дөңгелек стол» болып өтті. Онда мұнай-газ операцияларын жүргізу кезінде Каспийде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, сонымен бірге Солтүстік Каспий мұнайдың төгілуіне ден қою экологиялық базасының құрылысы жобасын іске асыру (СКДЭБ) шаралары талқыланды. «Дөңгелек стол» жұмысына Атырау қаласы мен Атырау облысы әкімдіктерінің өкілдері, Атырау облысының Төтенше жағдай бойынша департаменттерінің, Атырау облысы табиғатты қорғау прокуратурасының, мұнай-газ компанияларының, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми институттар және басқа да қызығушылық танытқан ұйымдардың өкілдері қатысты. «ТеңізСервис» ЖШС (ҚМГ ҰК еншілес кәсіпорны) бас директорының орынбасары Алексей Сафонов «дөңгелек стол» мәжілісін аша отырып, мұнай төгілуінің алдын алу және мұнайдың төгілуіне ден қою мәселелерінің өзектілігін айта келе, қазіргі кезде Каспий теңізінде мұнайдың төгілуіне 2-ші және 3-ші дәрежелі ден қою базасының жоқ екендігін атап көрсетті. Осыны ескере келе, 2010–2014 жылдарда Қазақстан Республикасы мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі Бағдарламаны жүзеге асыруға сәйкес, ҚМГ ҰК «Солтүстік Каспий мұнайдың төгілуіне ден қою экологиялық базасының құрылысы» жобасын іске асыруды бастады. СКДЭБ-ның мақсаты өнеркәсіптік игеру және Қашаған кен орнын, Каспий теңізі Қазақстан секторының солтүстік бөлігіндегі басқа да мұнай газ кен орындарын игеру кезінде мұнайдың төгілуіне шұғыл ден қою, экологиялық және метеорологиялық мониторингті қамтамасыз ету, жануарлар әлемін оңалту, сонымен қатар Каспийдің солтүстігіндегі, Орал өзенінің ерекше сезімтал сағасындағы қамысты аймақты қорғау және Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жалпы қоршаған ортаны қорғау болып табылады. цитата соңы Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_140311.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.