2011 ЖЫЛДЫҢ 17 МАМЫРЫНДА "AMF GROUP" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЖЫЛДЫҚ ЖИНАЛЫСЫ ӨТЕДІ

31.03.11 13:59
/KASE, 31.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Ақтөбе, бұдан әрі - компания) 2011 жылдың 17 мамырында акционерлерінің сырттай жылдық жалпы отырысы өтеді, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - есептік комиссияны сайлау; - 2010 жылға қаржылық есеп берушілікті бекіту; - есептік қаржылық жылға компанияның таза табысын бөлу тәртібін бекіту; 2010 жылға компанияның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясы есебінде дивиденд мөлшерін бекіту; - 2011 жылы компанияның аудитын жүзеге асыратын аудиторлық компанияны анықтау; - компанияның жасаған ірі мәмілелері және оның мүддесі қарастырылған мәмілелер туралы шешімдерді бекіту; - компанияның Директорлар кеңесінің сыйақы қорының шығындары мен шектелімдерінің сметасын бекіту; - облигациялық бағдарламаны, шығарылым қүрылымын шығару туралы шешімдерді бекіту.