"ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ 2010 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ШОҒЫРЛАНҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

15.03.11 15:18
/KASE, 15.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық динақ банкі" АҚ (Алматы) 2011 жылыдң 15 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп мәлімдеді. "Қазақстан Халық динақ банкі" АҚ және оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі - Банк) (Лондон Қор Биржасындағы тикері: HSBK) Қаржылық Есеп берушіліктің Халықаралық Стандарттарына сәйкес әзірленген, Delloitte, LLP тексерген, 2010 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған, он екі айға шоғырланған қаржылық қызметін жариялады. 2010 жылғы негізгі қаржы көрсеткіштері. - Таза табыс 2009 жылғы 15.9 млрд. теңгеден 128.1 %-ға 36.2 млрд.теңгеге дейін өсті - Активтер 3.7 % өсті - Клиенттер қаражаты 11.1 % өсті - Ағымдағы шоттар 24.2 % өсті, соның ішінде заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары 23.9 % және жеке тұлғалардың шоттары 25.2 % өсті. - Брутто клиенттерінің қарызы 0.2 % өсті - Капитал 13.1 % өсті - Таза табыстық пайыз 2009 жылғы 7.2 млрд. теңгеден 504.4 %-ға 46.2 млрд.теңгеге дейін өсті - Құнсыздануға резервтер 2009 жылғы 83.5 млрд. теңгеден 42.0 %-ға 48.4 млрд.теңгеге дейін өсті - Қызметтер мен комиссия бойынша таза табыс (қызметтер бойынша кірістерді және зейнетақы қоры комиссиясы және активтерді басқару комиссиясы бойынша кірістерді қоспағанда) 2009 жылғы 23.6 млрд. теңгеден 6.4 %-ға 25.1 млрд.теңгеге дейін өсті - Қызметтер бойынша кірістер және зейнетақы қоры комиссиясы және активтерді басқару комиссиясы бойынша кірістер 2009 жылғы 16.1 млрд. теңгеден 2010 жылғы 37.5 %-ға 10.1 млрд.теңгеге дейін төмендеді және 2010 жылдың 3 тоқсанындағы 2.4 млрд. теңгеден 2010 жылдың 4 тоқсанындағы 80.7 %-ға 4.3 млрд.теңгеге дейін өсті - Операциялық шығындар 2009 жылғы 41.7 млрд. теңгеден 8.5 %-ға 45.3 млрд.теңгеге дейін өсті Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында мына мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_150311.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_150311_eng.pdf – ағылшын тілінде.