"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "KAZTRANSCOM" АҚ-НЫҢ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2C0Y03D492 (KZTCB2) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА KZ2C00000982 ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРДІ

30.03.11 13:57
/KASE, 30.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KazTransCom" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 25 наурызындағы ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірінің) берілгендігі туралы куәлік көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы), "Бағалы қағаздар және оларға жататын қаржы құралдары – Бағалы қағаздарды сәйкстендіру үшін нөмірлеудің халықаралық жүйесі (ISIN)" ISO 6166 халықаралық стандарттарға сәйкес, "KazTransCom" АҚ KZ2C0Y03D492 облигацияларына (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, KZTCb2) KZ2C00000982 ISIN берді.