05 СӘУІРДЕ БИРЖАДА "САМРҰҚ-ҚАЗЫНА" ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZP01Y07D853 (SKKZB22) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

28.03.11 14:25
/KASE, 28.03.11/ – 2011 жылдың 05 сәуірінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат" АҚ (Астана) KZP01Y07D853 облигацияларын (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, SKKZb22; 1 теңге; 75,0 млрд теңге; 24.09.10 – 24.09.17, жартыжылдық купон, 30/360) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Аталмыш облигацияларды шығару Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі жалпы сомасы 150,0 млрд теңгені құрайтын, 2010 жылдың 16 қыркүйегінде тіркеген D85 нөмірімен, тіркеген "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының бірінші және аталмыш эмитенттің KASE-де листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигацияларының 22 шығарылымы болып табылады. Орналастырудың жарияланған жалпы саны 75 000 000 000 KZP01Y07D853 облигация (аталмыш шығарылымның тіркелген облигацияларының барлық көлемі). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 17:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – SKKZb22A. Эмитент кесімді бағаны 2011 жылдың 06 сәуірінде ALT 11:00-ге дейін анықтайды. Бағалы қағаздарды сатып алушы Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес 2011 жылдың 03 ақпанында (Т+3) жүзеге асырылады сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның Биржаның корреспонденттік шотында 2011 жылдың 06 сәуірінде 14:30 ALT дейін (Т+1) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді және нарықтық өтінімдер ғана қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі - 70 %. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі екінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, облигацияның купондық мөлшерлемесінің мәні белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде лоттар саны көрсетілеуі тиіс. Сатып алуға өтінімінің көлемі ретінде бағалы қағаздардың атаулы құнының көбейтіндісіне теңгемен көрсетілуі тиіс. Лот мөлшері – 1 000 облигация. Сату өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Эмитент бағасы кесімді бағаға тең өтінімдердің барлығын немесе бағасы одан жоғары өтінімдердің бір бөлігін қанағаттандыра алады. Соңғы жағдайда KASE сауда-саттық жүйесіне ерте ұсынылған өтінімдерге басымдылық көрсетіледі. Мәміле көлемі "Облигациялармен жасалған мәмілелер сомасын және облигациялар кірістілігін есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатының 3 бабы 14 тармағына сәйкес есептелетін болады. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Облигациялармен жасалған мәмілелер сомасын және облигациялар кірістілігін есептеу әдістемесінің мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялар шығарылымының аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/SKKZ/skkzf9b22_2010.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.