"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "KAZTRANSCOM" АҚ-НЫҢ KZ1C11750011 (KZTC) ЖАЙ ЖӘНЕ KZ1P11750117 (KZTCP) АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРЫНА ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАҢАРТТЫ

30.03.11 13:06
/KASE, 30.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "KazTransCom" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 28 наурызындағы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) хатының көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш хатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ "KazTransCom" АҚ-ның мынадай бағалы қағаздарына ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірін) беру туралы мәліметтерді жаңартты: - KZ1C11750011 жай акцияларына (KASE ресми тізімі, үшінші санат, KZTC); - KZ1P11750117 артықшылықты акцияларына (KASE ресми тізімі, үшінші санат, KZTCр). "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ақпаратына сәйкес KZ000A1CTGM4 ISIN "KazTransCom" АҚ жай акцияларына 2010 жылдың 25 ақпанында, KZ000A0Q5HL3 ISIN "KazTransCom" АҚ артықшылықты акцияларына 2008 жылдың 24 маусымында, 2010 жылдың 01 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы үшін нөмірлеуші агенттіктің қызметін атқарған, WM Datenservice (Алмания Федеративті Республикасы) агенттігі берді.