"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "ҚАЗАҚСТАН ЭКСИМБАНКІ" АҚ-НЫҢ KZ1C36110019 (EXBN) ЖАЙ ЖӘНЕ KZ1P36110115 (EXBNP) АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРЫНА ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАҢАРТТЫ

28.03.11 12:52
/KASE, 28.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 14 наурызындағы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) хатының көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш хатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ "Қазақстан Эксимбанкі"АҚ-ның мынадай бағалы қағаздарына ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірін) беру туралы мәліметтерді жаңартты: - KZ1C36110019 жай акцияларына (KASE ресми тізімі, екінші санат, EXBN); - KZ1P36110115 артықшылықты акияларына (KASE ресми тізімі, екінші санат, EXBNp). "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ақпаратына сәйкес KZ000A0LGXR8 ISIN "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ жай акцияларына, KZ000A0LGVG5 ISIN "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ артықшылықты акцияларына 2007 жылдың 02 қаңтарында, 2010 жылдың 01 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы үшін нөмірлеуші агенттіктің қызметін атқарған, WM Datenservice (Алмания Федеративті Республикасы) агенттігі берді.