"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ "Ресей ЖинақБанкі" АҚ Еншілес банкінің (Қазақстан) KZ2C0Y07D816 (TXBNb4) және KZ2C0Y09D820 (TXBNb5) облигацияларына ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірін) берді

11.03.11 12:16
/KASE, 11.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Ресей ЖинақБанкі" АҚ Еншілес банкі (Алматы) 2011 жылдың 25 ақпанында ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірінің) берілгендігі туралы куәлік көшірмелерін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы), "Бағалы қағаздар және оларға жататын қаржы құралдары – Бағалы қағаздарды сәйкстендіру үшін нөмірлеудің халықаралық жүйесі (ISIN)" ISO 6166 халықаралық стандарттарға сәйкес, "Ресей ЖинақБанкі" АҚ Еншілес банкінің мынадай облигацияларына: - KZ2C0Y07D816 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TXBNb4) – KZ2C00000438 ISIN берді; - KZ2C0Y09D820 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TXBNb5) – KZ2C00000453 ISIN берді.