"ҚАЗАҚСТАН ҚАҒАЗЫ" АҚ "PARAGON DEVELOPMENT" ЖШС-НІҢ ЖӘНЕ "АСТАНА КОНТРАКТ" АҚ-НЫҢ ҚАРЫЗҒА АЛҒАН ҚАРАЖАТТЫ МАҚСАТҚА СӘЙКЕС ЖҰМСАМАУЫНА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТҚА ПІКІРІН БІЛДІРДІ

05.03.11 14:37
/KASE, 05.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Қағазы" АҚ (Алматы обл.) 2011 жылдың 05 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. "Қазақстан Қағазы" АҚ (бұдан ары "Топ" немесе "Компания") Қазақстан Даму банкінің (бұдан ары - ҚДБ) 2011 жылдың 4 наурызында шығарған баспасөз- хабарламасына қатысты мынадай пікірін білдіреді. ҚДБ алдында Қазақстан Қағазы Тобына кіретін екі еншілес ұйым, Paragon Development ЖШС және Астана Контракт АҚ болып табылады. Қазақстан Қағазы АҚ ҚДБ алдында тікелей қарызгер емес. Топ ҚДБ және құқыққорғау органдарының ҚДБ бұқаралық ақпарат тарату кезінде айтылған, ақша қаражатын мақсатқа сәйкес жұмсамау фактісінің орын алуын тексеруге көмектесетінін растайды, сондай-ақ Компания бұл процеске көмек көрсету үшін жеке ішкі тексерісті ұйымдастырды. Топ ҚДБ-мен келіссөз жүргізу процесін тоқтатпады және екі жаққа да қанағаттанарлық нәтижеге қол жеткізу үшін жалғастыруды көздеп отыр. Сондай-ақ Компания қалған несие берушілермен қаржылық міндеттемелерді қайта құрылымдау процесін жалғастырып жатқандығын хабарлады. Компания қарызының жалпы сомасы 238 млн. АҚШ долларын құрады: олардың 103 млн. АҚШ доллары – облигациялық қарыз (Топтың жалпы қарызының 46%); Альянс Банк АҚ алдындағы қарызы – 39.630 млн, АҚШ доллары (Топтың жалпы қарызының 16%); ҚДЕБ алдындағы қарызы – 36 млн. АҚШ доллары (Топтың жалпы қарызының 14%), ҚДБ алдындағы қарызы – 59 млн. АҚШ доллары (Топтың жалпы қарызының 24%). Қазіргі уақытта Топ Альянс Банк АҚ алдындағы қарызын және облигациялық қарызын қайта құрылымдады, бұл ақша көрсетілімінде 76 млн. АҚШ долларын немесе Топтың жалпы қарызының 32% құрайды. Топтың қаржылық міндеттемелерінің жүргізіп жатқан қайта құрылымдауының негізгі мәні Топтың тәжірибелік жағынан қарызды өтеу мүмкіндігін есептеумен мерзімді ұзарту барысында, қысқартусыз, барлық негізгі қарызды өтеу болып табылады. Облигациялық қарыз қағаз бизнесінің ағымымен қамтамасыз етіледі және Топтың пікірінше, ҚДБ-мен қалыптасқан жағдай облигацияларды ұстаушылар алдындағы міндеттерді орындауға жағымсыз әсер қалдырмауы тиіс. Аталмыш баспасөз-хабарламасымен KASE веб-сайтында мына мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/KKAG/kkag_reliz_050311.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/KKAG/kkag_reliz_050311_eng.pdf – ағылшын тілінде.