2011 ЖЫЛДЫҢ 30 НАУРЫЗЫНДА "ЖАЙЫҚМҰНАЙ" ЖШС (КАЗАХСТАН) ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ БОЛАДЫ

29.03.11 12:49
/KASE, 29.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Жайықмұнай" ЖШС (Орал, бұдан әрі – компания), 2011 жылдың 30 наурызында сағат 11:00 компания қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібінде қарастырылатын жалғыз мәселе компания және Frans van der Schoot BV арасында ішкітоптық қарыз алу туралы келісімге сәйкес қажетті қамсыздандыру құжаттарына қол қою болып табылады. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Орал қ., Еуразия даңғ., 59/2.