ҚҰЛАҚТАНДЫРУ: 2011 ЖЫЛДЫҢ 10 НАУРЫЗЫНДА "САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА" ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ" АҚ-НЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫ ҚАЙТАРУЫНА АРНАЛҒАН "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТЕДІ

09.03.11 14:50
/KASE, 09.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) бүгін Биржаға ақпараттық хабарлама ұсынып, былай деп мәлімдеді: цитата басы Сіздерді "Қазақстан Халық Банкі" АҚ басшылығының қатысуымен өткізілетін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-нан Банк капиталына салынған мемлекеттік қаржыны қайтаруға арналған баспасөз мәслихатына қатысуға шақырамыз. Баспасөз мәслихаты 2011 жылғы 10 наурызда сағат 11:00- де Қазақстан Халық Банкінің Алматы қаласындағы Бас кеңсесінде, мына мекен-жайда өткізіледі: Абай д-лы, 109 "В", Манас к-сінің қиылысы. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Баспасөз қызметі Анықтама алу үшін Ермек Қойшыбаевпен хабарласуға болады - тел. + 7 727 2 590 816, 8 7017997890 www.halykbank.kz цитата соңы