"ТЕМIРБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) БАСҚАРМАСЫ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

04.03.11 12:33
/KASE, 04.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Темірбанк" АҚ (Алматы, бұдан ары - Банк) Биржаға ресми хат жолдап, Банк Басқармасы құрамының өзгеруі туралы хабарлады. Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі болып Нұралиев Ернар Бақытұлы сайланды.