/KASE, 05.03.11, соңғы тоғыз абзацпен толықтырылды/ – 2011 жылдың
17 наурызында Алматы қаласында "Royal Tulip Almaty" қонақ үйінде
"Қазақстан қаржы форумы" атты конференция өтеді. Конференция
ұйымдастырушысы Cbonds Ақпараттық агенттігі (Cbonds АА,
Санкт-Петербор).
Конференцияны өткізудің бас серіктесі "Атон" ЖШҚ (Ресей), ресми
серіктесі "Сентрас Секьюритис" (Қазақстан) болып табылады. Аталмыш
шараға ақпараттық қолдауды "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE),
"Қазақстанның қаржы нарығы", "Жеке қаражат", "LS" журналдары және
"Капитал" газеті көрсетеді.
Конференция аясында дағдарыстан шығу кезеңінде халықаралық және
қазақстандық қаржы нарықтарының жағдайын, сондай-ақ дамудың болжамы
мен сценарийлерін талқылау жоспарлануда.
Баяндамашылар ретінде конференцияға Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан
Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі, KASE, Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы
орталығы қызметін реттеу жөніндегі агенттігі, қазақстандық және
ресейлік банктер және инвестициялық компаниялардың басшылары қатысады.
Конференцияда мынадай мәселелер талқыланады деп жоспарлануда:
- Экономиканың әлемдік дағдарыстарын тағы да күтуге бола ма?
- Биржалық нарықты дамытудың перспективті нарығы: жаңа құралдар мен
эмитенттер бола ма?
- Институционалдық инвесторлар: борыштық нарыққа көзқарасы (Дефолтты
шығарылымдарды қайта құырылымдау – құтқару бағдарламаларының
талдануы).
- Қарыз алушылар мен инвесторларды қорғау жөніндегі заңнамалық
новациялар.
- Шығарылымның тиімді құрылымы – сұраныстың соңғы тенденциялары
және нарық конъюктурасы.
- МБҚ нарығы: күйіп кету қауіпі бар ма?
- Қарыздарды қайта құрылымдау тәжірибесі.
Конференцияның нақтырақ бағдарламасы
http://www.cbonds-congress.com/events/80/agenda/ сілтемесі бойынша қол
жетімді.
Конференцияға қатысу құны 500 АҚШ долларын құрайды, корпоративті
э
митенттер үшін – 450 АҚШ доллары.
Конференцияға қатысу үшін
ttp://cbonds-congress.com/events/80/registration/ тіркелу керек.
Қосымша ақпаратты Cbonds АА өкілдерінен алуға болады:
- демеушілік – Мадина Билялова: madina@cbonds.info,
+7 727 328 13 75
- қатысу (Ресей) – Ирина Жаринова: irina@cbonds.info,
+7 812 336-97-21 (104)
- қатысу (Қазақстан) – Құралай Кидырова: event_kz@cbonds.info,
+7 777 303 33 31
Конференция аясында дәстүрлі Investfunds AWARDS және Cbonds AWARDS
премиялармен марапаттау рәсімі өтеді, оларға жыл сайын Қазақстанның
қаржы нарығың көшбасшылары номинацияланады.
Cbonds Қазақстан АА Cbonds Awards – 2010 номинациялары бойынша
дәстүрлі сауалнамаға қатысуға және мынадай номинацияларға дауыс
беруге шақырады:
- Облигация нарығы бойынша үздік сараптама.
- Акция нарығы бойынша үздік сараптама.
- Үздік макроэкономикалық сараптама.
- Еурооблигацияларды бастапқы орналастырудың үздік мәмілесі.
- Облигация нарығындағы ұздік заңгерлік фирмасы.
Әрбір номинацияда қалау тәртібінде 3 ұйымды көрсетуге болады.
Дауыстарды есептеу кезінде бірінші орынға 3 балл, екінші орынға
2 балл, үшінші орынға 1 балл беріледі. Өзінің ұйымы үшін берілген
дауыстар нәтижелерді санау кезінде есептелмейді.
Дауыс беру беті мекен жайы
http://www.cbonds.info/kz/rus/vote/votes.php/params/id/69 бойынша
қол жетімді.