"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "РАХАТ" АҚ-НЫҢ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C06320010 (RAHT) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА KZ000A1CTMZ4 ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАҢАРТТЫ

28.03.11 12:20
/KASE, 28.03.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Рахат" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 24 наурызындағы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) хатының көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш хатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ 2011 жылдың 24 наурызында "Рахат" АҚ-ның KZ1C06320010 жай акцияларына (KASE ресми тізімі, үшінші санат, RAHT) ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірін) беру туралы мәліметтерді жаңартты. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ақпаратына сәйкес KZ000A1CTMZ4 ISIN аталмыш акцияларға 2010 жылдың 02 наурызында, 2010 жылдың 01 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы үшін нөмірлеуші агенттіктің қызметін атқарған, WM Datenservice (Алмания Федеративті Республикасы) агенттігі берді.