ҚҚА "NOMAD FINANCE" ақ-ның инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға берілетін лицензиясының қызметін оның өз еркімен қайтаруына байланысты тоқтатты

14.03.11 12:23
/KASE, 14.03.11/ – Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын басқаруды реттеу және қадағалау агенттігі 2011 жылдың 11 наурызында өзінің веб-сайтында http://www.afn.kz мынадай мазмұндағы ақпараттық хабарламаны жариялады: цитата басы Агенттік Төрайымының 03.03.2011 жылғы №73 бұйрығына сәйкес «NOMAD FINANCE» АҚ өз еркімен қайтаруына байланысты инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға 26.03.2005 жылғы берілген №0403200264 лицензиясының қолданылуы тоқтатылды. цитата соңы