"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "АБДИ КОМПАНИ" АҚ-НЫҢ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2C0Y05C804 (ABDIB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА KZ2C00000743 ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРДІ

18.03.11 12:37
/KASE, 18.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АБДИ Компани" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 15 наурызында ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірінің) берілгендігі туралы куәлік көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы), "Бағалы қағаздар және оларға жататын қаржы құралдары – Бағалы қағаздарды сәйкстендіру үшін нөмірлеудің халықаралық жүйесі (ISIN)" ISO 6166 халықаралық стандарттарға сәйкес, "АБДИ Компани" АҚ KZ2C0Y05C804 облигацияларына (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, ABDIb1) KZ2C00000743 ISIN берді.