"ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ 2011 ЖЫЛДЫҢ 28 НАУРЫЗЫНДА "АЛМЭКС" ХОЛДИНГТІК ТОБЫ" АҚ-МЕН БІРЛЕСІП ӨЗІНІҢ KZ1C33870011 (HSBK) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ОПЦИОНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

10.03.11 12:42
/KASE, 10.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 10 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамы (қысқаша атауы – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ) (бұдан әрі - Банк) өз акционерлерін Банк пен Банктің негізгі акционері болып табылатын "АЛМЭКС" холдингтік тобы" АҚ (бұдан әрі – "Алмэкс") "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (бұдан әрі – "Самұрық-Қазына") сатып алған Банктің қарапайым акцияларына қатысты "Самұрық-Қазына" мен "Алмэкс" арасында 2009 жылғы 15 қаңтарда бекітілген Опциондық келісімде (бұдан әрі – "Опциондық келісім") қарастырылғандай, "Алмэкс" тобының Банкке опционның бір бөлігін беретіндігі туралы алдын ала келісімге қол жеткізілгендігі жөнінде хабардар етеді. Опционға сәйкес оны иемденушіге Банктің қазіргі уақытта "Самұрық-Қазынаға" тиесілі саны 259,064,909 болатын (Банктің өзі сатып алған акцияларын шегергеннен кейінгі барлық орналастырылған қарапайым акцияларының 19,8 %-н құрайды) қарапайым акциясының барлығын сатып алу құқығы беріледі. Алдын ала келісім бойынша "Алмэкс" Халық Банкінің 213,000,000 қарапайым акцияларына қатысты опционның бір бөлігі үшін Банктен 12,9 млрд. теңге мөлшерінде сыйақы алады. Тараптар жақын арада Талап құқығынан шегіну туралы шартқа қол қоюға ниетті және опционды орындау құқығын 2011 жылдың 28 наурызында бірлесіп және толық көлемде жүзеге асырмақшы. Опционды жүзеге асыру нәтижесінде Банктің қазіргі сәтте "Самұрық- Қазынаға" тиесілі 259,064,909 қарапайым акциясының саны 213,000,000 акцияны құрайтын бір бөлігін Банк сатып алатын болады, ал 46,064,909 қарапайым акцияны "Алмэкс" сатып алады. Опционды жүзеге асырудың жоспарланған және 2011 жылғы 28 наурыздағы жағдай бойынша есептелген, Опциондық келісімде қарастырылған формулаға сәйкес және Банк пен «Алмэкстің» әрқайсысы жүзеге асыратын бөліктеріне қатысты қолданылады деп күтілетін бағасы - бір қарапайым акция үшін 126,8 теңге болады. Опцион талаптарына сәйкес "Самұрық-Қазына" АҚ-на жылдығы 15,75 % мөлшерінде табыстылық қамтамасыз етіледі. Құны өтеліп сатып алынатын қарапайым акцияларды Банк сатып алынатын бағалы қағаздар есебі жүргізілетін жеке шотта есепке алады және Банктің оларды сату ниеті жоқ. Сатып алынған акциялардың дауыс құқығы және дивиденд алу құқығы болмайды. Сатып алынған акцияларды сатуды жүзеге асыру заңнамаға сәйкес жарияланған (мәлімделген), бірақ орналастырылмаған акциялар рәсімі бойынша жүргізіледі. Опционды жүзеге асыру талаптарын "Алмэкс" пен Банктің тиісті уәкілетті органдары мақұлдауға тиіс. цитата соңы аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында мына мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_100311.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_100311_eng.pdf – ағылшын тілінде.