2011 ЖЫЛДЫҢ 26 НАУРЫЗЫНДА "ОРДА КРЕДИТ" КРЕДИТТІК СЕРІКТЕСТІГІ" ЖШС (КАЗАХСТАН) ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ БОЛАДЫ
09.03.11 13:26
/KASE, 09.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "ОРДА кредит" кредиттік серіктестігі" ЖШС (Шымкент,
бұдан әрі – компания), 2011 жылдың 26 наурызында сағат 11:00 компания
қатысушыларының жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға
хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде:
- 2010 жылға шығындар мен кірістер сметасын орындау туралы компания
Басқармасының есебі және 2010 жылға компанияның жылдық қаржылық
есеп берушілігін бекіту;
- компанияның таза табысын бөлу;
- 2011 жылға компанияның шығындар мен кірістерінің жылдық сметасын
бекіту;
- компанияның бизнес-жоспарын бекіту;
- компания Басқармасының құрамын өзгерту және бекіту;
- ревизорды сайлау;
- компания қатысушыларының үлесін қайта сатып алу.
Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47.
Аталмыш жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:00-ден басталады.
Кворум жиналмаған жағдайда компания қатысушыларының қайталама
жиналысы 2011 жылдың 27 наурызында 10:00-де жоғарыда аталған
мекен-жай бойынша өткізіледі.
Қатысушылар аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің
материалдарымен Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47 мекен-жайы
бойынша танысуына болады.