"ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ҚОҒАМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСКЕНДІГІН ХАБАРЛАДЫ

18.03.11 12:53
/KASE, 18.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2011 жылдың 17 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы Осы жылдың 17 наурызында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылдин «Барлау Өндіру "ҚазМұнайГаз" АҚ "Ембімұнайгаз" ӨФ, "ҚазТрансОйл" АҚ Батыс филиалы, АҚ "ҚазТрансГаз" және "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС еңбек ұжымдарымен кездесті. Кездесу барысында "ҚазМұнайГаз" компаниялары тобының 2010 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, Елбасының Қазақстан халқына арнаған "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қ.Қабылдин өз баяндамасында "ҚазМұнайГаз" компаниялары тобының 2010 жылы негізгі көрсеткіштер бойынша өндірістік жоспарды артығымен орындағанын атап айтты. "Қазақстан Республикасының 2009-2015 жылдарға арналған мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың Кешенді жоспарын бекіту туралы" және "2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасы мұнай-газ секторын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңарту және қалпына келтіруді жүзеге асыруда. "ЭЛОУ-АВТ (электрмен тұссыздандыру) вакуумды блогын және баяу кокстау қондырғыларын қалпына келтіру" жобасын іске асыру Атырау МӨЗ-де вакуумды газойл өндіруді жылына 800 мың тоннаға, бензин компонентін жылына 161 мың тоннаға, дизель отыны компонентін жылына 308 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. "Хош иісті көміртегілерін өндіру кешенінің құрылысы" жобасы жоғары октанды бензин көлемін өндіруді арттыру, Евро – 3 стандартына сай келетін дизель отынын, сонымен қатар мұнай химиясы үшін шикізат өндіруді бастауды (бензол және параксилол) көздеп отыр. "Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы" жобасы шеңберінде жоғары октанды бензин, авиа және дизель отындарын өндіруді арттыру, өңдеу тереңдігін 87% арттыру, мотор отындарының сапасын Евро – 4,5 стандарттарына жеткізу жоспарланған. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_170311.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.