"АТАМЕКЕН-АГРО" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ КОМПАНИЯ ТІРКЕУШІСІН АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

10.03.11 12:15
/KASE, 10.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Атамекен-Агро" АҚ (Алматы, бұдан әрі - Қоғам) Директорлар Кеңесінің 18.02.2011ж. #2 отырыс Хаттамасына сәйкес, Директорлар кеңесі Қоғам тіркеушісі ретінде "Бағалы қағаздардың тіркеу жүйесі" АҚ-н бекіту және онымен бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесін жүргізуге келісім-шарт жасасу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру туралы шешім қабылдағанын хабарлап, Биржаға ресми хат жолдады.