ҚҚА ВТБ БАНК АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ЕНШІЛЕС ҰЙЫМЫ KZ2C0Y04D904 (BVTBb1) облигацияларының ШЫҒАРЫЛЫМ АҢДАТПАСЫНЫҢ ӨЗГЕРТУЛЕРІН ТІРКЕДІ

04.03.11 12:03
/KASE, 04.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған ВТБ АҚ (Қазақстан) Еншілес ұйымы (Алматы) өзінің KZ2C0Y04D904 облигациялары (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар", BVTBb1; 100 теңге; 15,0 млрд теңге; 11.12.10 – 11.12.14; жартыжылдық купон жылдық 7,00 %; 30/360) шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулерінің көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігімен (АҚҚ) 2011 жылдың 22 ақпанында тіркеліп, ВТБ АҚ (Қазақстан) Еншілес ұйымының директорлар кеңесінің құрамы өзгеруінен байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BVTB/bvtbf9_izm_220211.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған.