"ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ АТЫРАУДА "СОЛТҮСТІК КАСПИЙ МҰНАЙДЫҢ ТӨГІЛУІНЕ ДЕН ҚОЮ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАРЫСЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ" ЖОБАСЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ БОЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАДЫ

17.03.11 12:34
/KASE, 17.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2011 жылдың 16 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы 2011 жылғы 15 наурызда Атырау қаласында «Солтүстік Каспий мұнайдың төгілуіне ден қою экологиялық базасының құрылысы барысында қоршаған ортаға әсерді бағалау (СКДЭБ)» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау болып өтті. «Дөңгелек стол» жұмысына Атырау қаласы және Атырау облысы әкімдігінің, қала және облыс мемлекеттік органдарының, мұнай-газ компанияларының, мемлекеттік емес ұйымдардың, ғылыми институттардың және басқа да қызығушылық танытқан ұйымдардың өкілдері қатысты. Қоғамдық тыңдаулар барысында «ТеңізСервис» ЖШС (ҚМГ ҰК еншілес кәсіпорны), «Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау институты» ЖШС, «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ АҚ, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық- талдау орталығы» РМК, Астрахань Ғылыми-Өндірістік «Биоценоз» ұжымының өкілдері баяндама жасады. СКДЭБ-ның мақсаты - өнеркәсіптік игеру және Қашаған кен орнын, Каспий теңізі Қазақстан секторының солтүстік бөлігіндегі басқа да мұнай-газ кен орындарын игеру кезінде мұнайдың төгілуіне шұғыл ден қою, экологиялық және метеорологиялық мониторингті қамтамасыз ету, жануарлар әлемін оңалту, сонымен қатар Каспийдің солтүстігіндегі, Орал өзенінің ерекше сезімтал сағасындағы қамысты аймақты қорғау және Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жалпы қоршаған ортаны қорғау болып табылатындығы атап көрсетілді. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жобасынқоршаған ортаны қорғауды жобалау жұмыстары және осы салада экологиялық сараптау жөнінен мемлекеттік лицензиясы бар Қазақстан республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» РМК дайындады. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_160311.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.