ҚҚА "АТАМЕКЕН-АГРО" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) АКЦИЯЛАРЫН 2010 ЖЫЛДЫҢ 22 МАМЫРЫНАН 21 ҚАРАШАСЫНА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛМАҒАНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛДЫ

10.03.11 12:06
/KASE, 10.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Атамекен-Агро" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің 2011 жылдың 23 ақпанындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес ҚҚА "2010 жылдың 22 мамырынан 21 қарашасына дейінгі кезеңде "Атамекен-Агро" АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҚА ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың 21 қарашасындағы жағдай бойынша "Атамекен-Агро" АҚ 5 999 676 жай және 3 551 543 артықшылықты акциялары орналастырылмаған.