"СЕНТРАС СЕКЬЮРИТИЗ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) CBONDS АҚПАРАТТЫҚ АГЕНТТІГІНІҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ НОМИНАЦИЯЛАРЫНДА БЕС МАРАПАТҚА ИЕ БОЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАДЫ

25.03.11 13:35
/KASE, 25.03.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) бүгін Биржаға баспасөз- хабарламасын ұсынып, былай деп хабарлады: 2011 жылдың 17 наурызында Қазақстандық қаржы нарығының кезекті форумының шеңберінде "Сентрас Секьюритиз" АҚ қазақстандық компаниялардың арасында 2010 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша Investfunds.kz ақпараттық ресурсынан және Cbonds агенттігінен бес марапатқа ие болды: "Ең ірі қор" номинациясында "Investfunds Awards" – 2010 сертификаты "Казначейство" ашық пайлық инвестициялық қоры – 1 орын. 2010 жылдың қорытындылары бойынша қордың таза активтерінің құны 43,14% өсіп, 483 389 млн. теңгеге жетті. "Ең танымал ПИҚ" номинациясында "Investfunds Awards" – 2010 сертификаты "Сентрас акциялар қоры" интервалды пайлық инвестициялық қоры – 1 орын. 2010 жылы қор барлық жеке инвестициялық қорлар арасында пайшылардың ең көп қаражатын тартты – 97,5 млн. теңге. "Ең танымал ПИҚ" номинациясында "Investfunds Awards" – 2010 сертификаты "Казначейство" ашық пайлық инвестициялық қоры – 2 орын. 2010 жылы қор 69,5 млн. теңгеге пайшылардың қаражатын тартты. "Ең үздік табыстылық" номинациясында "Investfunds Awards" – 2010 сертификаты "Еурооблигациялар қоры" интервалды пайлық инвестициялық қоры – 1 орын. Номинация 2010 жылы пай құнының өсуінің қазақстандық жеке қорлары арасында ең үздік көрсеткіг үшін берілді - 24,73%. "Ең үздік табыстылық" номинациясында "Investfunds Awards" – 2010 сертификаты "Казначейство" ашық пайлық инвестициялық қоры – 2 орын. 2010 жылы қор пайы құнының өсуі 21,55% құрады және кірістілік көрсеткіші бойынша рейтингте екінші орынды иеленді.