"ТЕМІРБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZP07Y10C336 (TEBNB18) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 3-ШІ КУПОНДЫҚ КЕЗЕҢГЕ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ – ЖЫЛДЫҚ 9,80 % ҚҰРАДЫ
09.03.11 12:37
/KASE, 09.03.11/ – "Темірбанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE)
өзінің KZP07Y10C336 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік
бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TEBNb18; 0,01 теңге, 10,0
млрд теңге; 15.03.10 – 15.03.20, құбылмалы жартыжылдық купон) 2011 жылдың
15 наурызынан бастап 15 қыркүйегіне дейінгі купондық кезеңге сыйақы
мөлшерлемесі жылдық 9,80 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен
хабарлады.
Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 15 наурызына дейін) аталмыш
облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,00 % пайызды
құраған.