ҚҚА ВТБ БАНК АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ЕНШІЛЕС ҰЙЫМЫ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРЫЛЫМ АҢДАТПАСЫНЫҢ ӨЗГЕРТУЛЕРІН ТІРКЕДІ

04.03.11 12:03
/KASE, 04.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған ВТБ АҚ (Қазақстан) Еншілес ұйымы (Алматы) банк акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулерінің көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігімен (АҚҚ) 2011 жылдың 22 ақпанында тіркеліп, ВТБ АҚ (Қазақстан) Еншілес ұйымы директорлар кеңесінің құрамы өзгеруінен байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BVTB/bvtbf9_izm_220211.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған.