"ЖӘЙРЕМ КЕН-БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2CKY07B907 (JGOKB2) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 11-ШІ КУПОНДЫҚ КЕЗЕҢГЕ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ – ЖЫЛДЫҚ 9,10 % ҚҰРАДЫ

30.03.11 11:57
/KASE, 30.03.11/ – "Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ (Қарағанды обл.) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің теңгенің АҚШ долларына девальвациясы деңгейі бойынша индекстелген KZ2CKY07B907 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, JGOKb2; 100 теңге, 3,9 млрд теңге; 05.04.06 – 05.04.13, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон; 30/360) 2011 жылдың 05 сәуірінен бастап 05 қазанына дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,10 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 05 сәуіріне дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,70 % пайызды құраған.