2011 ЖЫЛДЫҢ 21 СӘУІРІНДЕ "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ (КАЗАХСТАН) АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ БОЛАДЫ

04.03.11 11:49
/KASE, 04.03.11/ – Бағалы қазағдары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), 2011 жылдың 21 сәуірінде сағат 11:00 банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - банктің 2010 жылғы қаржылық есептемесін бекіту; - банктің 2010 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту. Банктің қарапайым акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау. Банктің бір қарапайым акциясына есептелген дивиденд мөлшерін бекіту; - банктің қызметіне аудит жүргізуші аудиторлық ұйымды анықтау; - банк Директорлар кеңесінің 2010 жылғы қызметі туралы есебі; - банк Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау; - банк Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін анықтау; - банк Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау; - банк Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту. - банк Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту. - банк Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту. - банк акционерлерін банктің Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы туралы хабардар ету. - банк пен оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты акционерлердің өтініш-шағымы туралы мәселені қарастыру және оның нәтижесі туралы. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В» үй, 503-кабинеттегі Акт залы. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:00-ден 10:45-ке дейін жүргізіледі. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2011 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылатын болады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2011 жылдың 22 сәуірінде сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен мына телефондар арқылы таныса алады: 8 (727) 259 07 77, 8-8000 8000 59 (Қазақстан бойынша телефон шалу - тегін). Заңды тұлға-акционерлер ҚР-ның "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңы 17-бабының 5-тармағының бірінші бөлігіндегі талапқа сәйкес өз акционерлері (қатысушылары) тіркелген елге қатысты талаптың орындалуы туралы өтінішті тапсыруға тиіс. Өтініш нысаны банктің веб-сайтында http://www/halykbank.kz/ жарияланған.