"ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) "СТАТОЙЛ" КОМПАНИЯСЫМЕН "АБАЙ" БЛОГЫ БОЙЫНША ҚАҒИДАЛАР ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАДЫ

31.03.11 12:09
/KASE, 31.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде түрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2011 жылдың 30 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы Осы жылдың 16 наурызында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы және "Статойл" Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы "Абай" блогы бойынша Қағидаттар туралы Келісімге (ҚТК) қол қойды. Осы келісімге орай тараптар "Абай" жобасын іске асыру барысында бірлескен қызмет шарттары бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Сонымен бірге тараптар алдағы уақытта Каспий теңізі шельфіндегі блоктарды игеру кезінде пайдаланылатын өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысын дайындауға "Статойлдың" қатысуы туралы келісті. - Біз халықаралық теңіз мұнай-газ жобаларын іске асыру барысында "Статойл" компаниясымен ынтамақтасуға, бұл компанияның тәжірибесі мен технологиясын тартуға қызығушылық танытамыз. Қағидаттар туралы қол қойылған келісім тараптардың Каспий теңізінде біздің компанияларымыздың стратегиялық жағынан бірлесе жұмыс істеуге деген ниетін көрсетеді,- деп атап айтты "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылдин. "Абай" блогына бірлесіп операторлық етудің "Статойл" үшін халықаралық маңызы бар. Бұл келісім "Статойлдың" Қазақстанға қайтып оралуына мүмкіндік жасайды, сол себепті мен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясымен берік әріптестік орнатылғанына өте қуаныштымын, - деді "Статойлдың" барлау жөніндегі атқарушы вице-президенті Тим Додсон. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ "Абай" блогы жер қойнауын пайдалану құқығына ие болу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен тікелей келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр. Тараптар жобаны жүзеге асыру барысында қазақстандық қызметкерлерді оқыту және әлеуметтік жобаларды қаржыландыру міндеттерін өз мойындарына алады. Анықтама: Қазақстан Республикасы және Норвегия Корольдігі достық байланыстар мен ынтымақтастықты және мұнай-газ саласында келісім мен ынтымақтастықты әрі қарай дамыту жөнінде Бірлескен Декларацияға 2004 жылдың 25 мамырында қол қойды. 2005 жылдың 30 маусымында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "Статойл" «Абай» учаскесінде ықтимал ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. 2010 жылдың 3 маусымында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "Статойл" Алматы қаласында өткен 4-ші Халықаралық инвестициялық саммит шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Абай учаскесі Каспий теңізі Қазақстан секторының солтүстік бөлігі жағалауынан 8-10 м.тереңдікте 65 шақырым қашықтықта орналасқан. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акцияларының 100%-і "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-қа тиесілі. "Статойл" – әлемнің 40 елінде жұмыс істейтін халықаралық энергетикалық компания. "Статойл" – шикі мұнайды экспорттаудан, сонымен қатар 100 метрден астам тереңдіктегі кен орындарының ең ірі операторы, CO2 қамту және сақтау саласында әлемдік көшбасшы, Европадағы екінші ең ірі газ экспорттаушы, сонымен қатар Скандинавияда ең ірі мұнай өнімдерін сатушы компаниялардың бірі. "Статойлдың" офисі Астанада 2004 жылы ашылған болатын. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ Қоғаммен байланыс департаменті Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 19 тел. +7 (7172) 976340, факс: +7 (7172) 976329 pr@kmg.kz; www.kmg.kz Қазақстан Республикасындағы "Статойл Норс Каспиэн АС" филиалы Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., "Самал" ы/а, 12, 13-ші қабат Тел.: +7 (7172) 58 00 86, +7 (7172) 58 00 87 abai@statoil.com, www.statoil.com цитата соңы