"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІ" АҚ-НЫҢ KZ1C36280010 (CCBN) ЖАЙ ЖӘНЕ KZ1P36280116 АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРЫНА ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАҢАРТТЫ

28.03.11 11:16
/KASE, 28.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ЦентрКредит банкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 18 наурызындағы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) хатының көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш хатқа сәйкес 2011 жылың 17 наурызында "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ "ЦентрКредит банкі" АҚ-ның мынадай бағалы қағаздарына ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірін) беру туралы мәліметтерді жаңартты: - KZ1C36280010 жай акциялары (KASE ресми тізімі, екінші санат, CCBN); - жай акцияға айырбасталатын KZ1P36280116 артықшылықты акциялары. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ақпаратына сәйкес KZ0007786572 ISIN "ЦентрКредит Банкі" АҚ-ның жай акцияларына 2001 жылдың 28 шілдесінде, KZ000A0H0930 ISIN "ЦентрКредит Банкі" АҚ-ның жай акцияларға айырбасталатын, артықшылықты акцияларына 2006 жылдың 24 қаңтарында, 2010 жылдың 01 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы үшін нөмірлеуші агенттіктің қызметін атқарған, WM Datenservice (Алмания Федеративті Республикасы) агенттігі берді.