"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ-НЫҢ KZ1C12280018 (KZTK)ЖАЙ ЖӘНЕ KZ1P12280114 (KZTKP) АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАҢАРТТЫ

18.03.11 10:57
/KASE, 18.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 15 наурызындағы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) хатының көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш хатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ 2011 жылдың 15 наурызында "Қазақстан" АҚ-ның мынадай бағалы қағаздарына ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірін) беру туралы мәліметтерді жаңартты: - KZ1C12280018 жай акциялары (KASE ресми тізімі, санат, KZTK); - KZ1P12280114 артықшылықты акциялар (KASE ресми тізімі, санат, KZTKр). "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ақпаратына сәйкес KZ0009093241 ISIN қарапайым және ISIN KZ0009094645 артықшылықты акцияларына 2001 жылдың 02 шілдесінде, 2010 жылдың 01 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы үшін нөмірлеуші агенттіктің қызметін атқарған, WM Datenservice (Алмания Федеративті Республикасы) агенттігі берді.