ҚҚА "Альянс банк" АҚ (Қазақстан) акцияларын орналастыру нәтижелері туралы есеп беруді бекітті

14.03.11 11:10
/KASE, 14.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс Банк" АҚ (Астана, бұдан әрі – банк), Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің (ҚҚА) 2011 жылдың 09 наурызындағы ескертпе хатының көшірмесін биржаға ұсынды. Айтылмыш құжатқа сәйкес: - ҚҚА компания акцияларын орналастыру нәтижелері туралы есеп беруді бекітті; - шығарылым 20 000 000 жай акция және жай акцияларға конвертацияланатын 3 000 000 артықшылықты акцияға бөлінді; - акциялардың шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А4031 нөмірі бойынша енгізілді; - 2010 жылдың 21 мамырындағы жағдай бойынша компанияның 13 637 563 жай және жай акцияларға конвертацияланатын 2 619 626 артықшылықты акциялары орналастырылды, олардың жарғылық капиталы 273 952 943 570 теңге көлемінде құрастырылды.