ҚҚА "Альянс банк" АҚ (Қазақстан) акцияларын орналастыру нәтижелері туралы есеп беруді бекітті
14.03.11 11:10
/KASE, 14.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Альянс Банк" АҚ (Астана, бұдан әрі – банк),
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау Агенттігінің (ҚҚА) 2011 жылдың 09 наурызындағы ескертпе
хатының көшірмесін биржаға ұсынды.
Айтылмыш құжатқа сәйкес:
- ҚҚА компания акцияларын орналастыру нәтижелері туралы есеп беруді
бекітті;
- шығарылым 20 000 000 жай акция және жай акцияларға
конвертацияланатын 3 000 000 артықшылықты акцияға бөлінді;
- акциялардың шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік
тізіліміне А4031 нөмірі бойынша енгізілді;
- 2010 жылдың 21 мамырындағы жағдай бойынша компанияның 13 637 563
жай және жай акцияларға конвертацияланатын 2 619 626 артықшылықты
акциялары орналастырылды, олардың жарғылық капиталы 273 952 943 570
теңге көлемінде құрастырылды.