"OILAN LTD." ЖШС ӨЗІНІҢ KZ2P0Y03C913 (OILAB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

10.03.11 11:08
/KASE, 10.03.11/ – "Oilan Ltd." ЖШС (Алматы) 2011 жылдың 09 наурызында өзінің KZ2P0Y03C913 облигацияларын (OILAb1; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 04.03.08 – 04.03.11, жылдық 13,00 % жартыжылдық купон; 30/360) өтеуі шеңберінде соңғы – алтыншы – купондық сыйақы төленді деп хабарлап, Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хат жолдады. Айтылмыш хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төленген жалпы соманың көлемі 88 703 850,00 теңгені, соның ішінде негізгі берешек (облигацияның сомалық атаулы құны) 83 290 000,00 теңгені, ал алтыншы купондық сыйақының сомасы– 5 413 850,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.