KASE БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕСІ МАРКЕТ-МЕЙКЕРЛЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ТҮЗЕТУЛЕРДІ БЕКІТТІ

31.03.11 11:15
/KASE, 31.03.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Биржалық кеңесінің 2011 жылдың 29 наурызындағы шешімімен "Маркет-мейкер қызметінің ережелері" (Ережелер) атты Биржаның ішкі құжатына енгізілген # 2 толықтырулар мен өзгертулерді (түзетулерді) бекітті. Түзетулер Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (ҚҚА) келісіміне жіберіледі және аталмыш агенттігінің келісімі берілгеннен кейін қолданысқа енгізілетін болады. Түзетулер "Қор нарығы мүшелеріне арналған маркет-мейкер мәртебесінің маманданымы" атты 2 Қосымшасына, "АҚШ долларының маркет-мейкері мәртебесінің маманданымы" атты 4 Қосымшасына және "Ресей Федерациясы рублінің маркет-мейкері мәртебесінің маманданымы" атты 5 Қосымшасына енгізілді. Аталмыш түзетулерде мыналар қарастырылған. 1. KASE ресми тізімінің бірқатар облигацияларының атаулы құнының олардың нарықтық құнынан елеулі айырмашылығына байланысты маркет-мейкерлер үшін міндетті баға белгілеудің минималды көлемін анықтаудың тәртібі өзгертілді. Облигация маркет-мейкерлері үшін міндетті баға белгілеуінің минималды көлемі түзетулер қолданысқа енгізілгеннен кейін 2 000 есептік айлық көрсеткішті құрайтын болады (Ережелердің қолданыстағы нұсқасында аталмыш көлем данамен белгіленген және облигация құнының масштабына байланысты 10 немесе 100 немесе 1 000 немесе 10 000 облигацияға тең болуы тиіс). 2. маркет-мейкерлерге қойылатын талаптарды бұзуды бақылаудың автоматты жүйесінің қызметін жеңілдету мақсатында маркет-мейкерге қойылатын "құбылмалы" талаптарды жою қажеттілігіне орай АҚШ доллары және ресейлік рубль маркет-мейкері үшін спрэд, нетто- жайғасым және міндетті баға белгілеуі бойынша талаптар өзгертілді: - АҚШ доллары маркет-мейкері үшін озық міндетті баға белгілеулері арасында спрэд 2 000 000 АҚШ долларына дейінгі нетто-жайғасымда 0,1 теңгеден аспайтын көлемде белгіленді; - ресейлік рубль маркет-мейкері үшін озық міндетті баға белгілеулері арасында спрэд 30 000 000 рубльге дейінгі нетто-жайғасымда 0,01 теңгеден аспайтын көлемде белгіленді; - міндетті баға белгілеуді қанағаттандыру сауда-саттық күні барысында маркет-мейкердің нетто-жайғасымы 2 000 000 АҚШ доллары сомасынан асып түсуіне әкеліп соқтыру мүмкін жағдайларды қоспағанда, АҚШ доллары маркет-мейкері үшін міндетті баға белгілеу мөлшері 500 000 АҚШ долларынан кем емес болып орнатылды; - ресейлік рубль маркет-мейкері үшін міндетті баға белгілеу мөлшері сауда-саттық күні барысында 3 000 000 рубль кем емес болып орнатылды; - сауда-саттық күні барысында нетто-жайғасым мөлшері 2 000 000 АҚШ долларына жетсе, АҚШ долларының маркет-мейкері ұсынылған міндетті баға белгілеуінен бас тартуға құқылы. Ережелердің жаңартылған мәтіні ҚҚА келісімінен кейін KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/m_maker_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланатын болады.