/НАҚТЫЛАНДЫ/ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ: 05 СӘУІРДЕ KASE ЖӘНЕ STANDARD & POOR’S "КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ КАПИТАЛ МЕН "ХАЛЫҚТЫҚ" ІРО" СӘТТІ ТАРТУДЫҢ ФАКТОРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗЕДІ /KASE, 28.03.11, қарастырылатын мәселелер және өткізілетін жері нақтыланды/ – 2011 жылдың 05 сәуірінде "Қазақстан қор биржасы" АҚ және Standard & Poor’s халықаралық рейтингілік компанияның Корпоративті басқару рейтингілерінің қызметі "Корпоративтік басқару капитал мен "халықтық" ІРО" сәтті тартудың факторы. Қазақстандағы және БРИҚ басқа елдеріндегі тәжірибелік бақылаулар" тақырыбында дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.
28.03.11 11:25
Аталмыш шара Алматы уақыты 10:00-де Алматы қ., Достық даңғ., 291/3а
мекен-жайы бойынша орналасқан KASE мәжіліс-залында өтеді.
Негізгі баяндаманы Standard & Poor’s Корпоративті басқару рейтингілерінің
қызметі директорының орынбасары Андрей Ракитин ұсынатын болады.
Шараға қатысу үшін ірі компаниялар мен банк басшылары, қор нарығының
реттеушілері мен кәсіби қатысушылары, сондай-ақ инвестициялық
қауымдастықтың өзге де өкілдері шақырылады.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан нарығына және, соның ішінде алдағы
болатын "халықтық" ІРО қатысты корпоративтік басқаруды талдау және
бағалау мәселелері қарастырылады:
- GAMMA корпоративтік басқару рейтингілері: соңғы оқиғалар, жаңару,
өзгертулер;
- Корпоративтік басқару саласындағы Standard & Poor’s өзекті пікірлері,
ағымдағы жорбалары және жақындағы зерттеулер нәтижелері;
- Қазақстандағы және БРИҚ басқа елдеріндегі тәжірибелік бақылаулар және
корпоративтік басқарудың ерекшеліктері.
Шараға қатысу тегін.
Қатысушылардың аккредитациясы pr@kase.kz электронды мекен-жайы
бойынша 2011 жылдың 04 сәуіріне дейін өтетін болады. Тіркелу үшін
хабарламада ұйымыңыздың өкілдері жайлы мәліметтерді көрсету қажет
(аты-жөні, лауазымы, компания атауы, телефоны, электронды пошта
мекен-жайы).