"ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ҚОҒАМ БАСҚАРМАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

24.03.11 11:51
/KASE, 24.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2011 жылдың 18 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы Осы жылдың 18 наурызында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылдин "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ, "Барлау Өндіру "ҚазМұнайГаз" "Өзенмұнайгаз" ӨФ, "Қаражанбасмұнай" АҚ, "ҚазақТеңізКөлікФлоты" ҰТКҚК" АҚ, "ТеңізСервис" ЖШС, "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ, "Жетібаймұнайгаз" ӨБ еңбек ұжымдарымен кездесті. Кездесу барысында "ҚазМұнайГаз" компаниялары тобының 2010 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, Елбасының Қазақстан халқына арнаған "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қ.Қабылдин Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" Жолдауында әлеуметтік жаңарту мәселелеріне баса назар аударғанын атап көрсетті. - Салауатты өмір салтын насихаттау, медициналық қызметтердің қол жетімділігі мен сапасын арттыру, Астанада, Республикамыздың қалалары мен елді мекендерінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын түзу қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуға ықпал етеді. ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өз кезегінде еліміздің әлеуметтік саласын дамытуға үнемі жәрдемдесіп келеді, -деді Қайыргелді Қабылдин. Кездесу кезінде атап өтілгеніндей, "Барлау Өндіру "ҚазМұнайГаз" АҚ әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру аясында әлеуметтік әріптестік бағдарламасы бойынша биылғы жылы Жаңаөзен қаласында 200 пәтерлік әлеуметтік үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. цитата соңы Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_180311.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.