"альфа-банк" еншілес банкі АҚ өзінің KZP01Y03C987 (ALBNb2) облигацияларын өтеуі туралы хабарлады

11.03.11 10:20
/KASE, 11.03.11/ – "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ (Алматы) 2011 жылдың 09 наурызында өзінің KZP01Y03C987 облигацияларын (ALBNb2; 10 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 04.03.08 – 04.03.11, жылдық 12,00 % жартыжылдық купон; 30/360) мерзімінен бұрын толық өтеуі шеңберінде соңғы – алтыншы – купондық сыйақы төленді деп хабарлап, Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хат жолдады. Айтылмыш хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төленген жалпы соманың көлемі 633 244 000,00 теңгені, соның ішінде негізгі берешек (облигацияның сомалық атаулы құны) 597 400 000,00 теңгені, ал төртінші купондық сыйақының сомасы– 35 844 000,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.