ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ӨЗ БЛОГЫНА КІРГЕНДЕРГЕ ХАЛЫҚТЫҚ ІРО ТАҚЫРЫБЫНА ҚАТЫСТЫ ӨЗ ПІКІРЛЕРІН БІЛДІРУДІ ҰСЫНДЫ

30.03.11 11:40
/KASE, 30.03.11/ – 2011 жылдың 29 наурызында Қазақстанның Премьер- министрі Кәрім Мәсімов өзінің блогында http://pm.kz/ru сайтқа кіргендерге халықтық ІРО тақырыбына өз пікірлерін білдіруді ұсынды. http://pm.kz/ru/blog/95 мекен-жайы бойынша жарияланған хабарламада: "Елбасымыздың ұсынған "Халықтық ІРО" – бұл әрбір қазақстандыққа берілетін "ұлттық чемпиондар" – мемлекеттік алып-компаниялар қызметіне тікелей қатысып, қосымша табыс алу мүмкігі" – деп, атап көрсетілген. "Сіздердің ұсыныстарыңыз, күмәндарыңыз және конструктивті идеяларыңыз ескерілетін болады. Өз пікіолеріңізді қалдырыңыздар" – деп ұсынды Премьер- министр. Сонымен қатар блогта: "Үкімет "Самрұқ-Қазына" ҰӘҚ" АҚ құрамына кіретін ұлттық компаниялардың акцияларын халық арасында орналастырудың "Халықтық ІРО" деп аталатын бағдарламасын елімізде алғашқы рет әзірлеуді жоспралап отырғанын естеріңізге саламыз. Бұл ретте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдың соңына дейін "Самрұқ-Энерго" АҚ, KEGOC, "Қазпошта" АҚ акцияларын қор нарығында орналастыру қажеттілігін атап өтті. Бұдан басқа, 2012-2013 жылдары "ҚазМұнайГаз", "Қазақстан темір жолы" және "Қазатомпром" сияқты ұлттық компаниялардың акциялардың қор нарығында орналастыру жоспарлануда" – деп атап өтілді. [2011-03-30]