"ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ 2011 ЖЫЛДЫҢ 30-31 НАУЫРЫЗЫНДА ӨЗІНІҢ KZ1C33870011 (HSBK) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ОПЦИОНДЫ ОРЫНДАУ ҚҰҚЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

30.03.11 11:02
/KASE, 29.12.2011/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 30 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) өз акционерлерін "АЛМЭКС" холдингтік тобы" АҚ және "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ арасында Банкке қатысты бекітілген 2009 жылғы 15 қаңтардағы Опциондық келісімге (бұдан әрі – "Опциондық келісім") сәйкес Банк өзінің қарапайым акцияларын сатып алу құқығын іске асыруға және "Самұрық-Қазына" АҚ-нан Банктің 213 000 000 қарапайым акциясын бір акция үшін 126,8 теңге деген бағамен сатып алуға ниетті екендігі туралы хабардар етеді. Акцияларды сатып алу шарасы Опциондық келісім талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында 2011 жылғы 30 - 31 наурыз күндері жүзеге асырылады. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ еліміздің кредит беру, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар депозиттері, төлем карточкалары, валюталық - ақша айырбастау операциялары және басқа да банктік өнімдер нарығында жетекші орынды ұстап отырған банк. Банктің республика аумағы бойынша барынша кеңейтілген филиалдық желісі бар (630-ға жуық бөлімше), Банкте 5,9 миллионға жуық жеке тұлғаға, 61 мыңнан астам ШОБ субъектісіне және 300-ге жуық ірі корпоративтік клиентке қызмет көрсетіледі. 2011 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша Банктің біріктірілген активтер көлемі 2 098 млрд теңгені құрады, меншікті капиталы 318 млрд. теңге мөлшерінде болды. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Баспасөз қызметі тел. +7 727 2 590 816 www.halykbank.kz цитата соңы [2011-12-29]