25 НАУРЫЗДАН БАСТАП KASE ҚАЙТАЛАМА НАРЫҚ СЕКТОРЫНДА "ТЕМІРБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) USY8584LAA18, US87971SAA87 (TEBNE1) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША САУДА-САТТЫҚ АШЫЛДЫ

25.03.11 11:07
/KASE, 25.03.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 25 наурызынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Темірбанк" АҚ (Алматы) USY8584LAA18, US87971SAA87 халықаралық облигациялары (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TEBNe1; $60 750,0 мың, 30.06.10 – 30.06.22; жылдық 9,00 % жартыжылдық купон; 30/360) бойынша сауда-саттық ашылды . KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның атаулы құнынан пайызбен көрсетілген таза бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін 2011 жылдың 01 сәуірінен бастап "Premier Capital" АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі қарыздың атаулы көрсетіліміндегі 20 800 АҚШ доллары. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2010 жылдың 27 желтоқсанынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/tebn мекен-жайы бойынша жарияланған.