"АЛЬФА-БАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZP01Y03C987 (ALBNb2) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ АЙНАЛЫСТА БОЛУ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ KASE РЕСМИ ТІЗІМІНЕН ШЫҒАРЫЛДЫ
04.03.11 11:07
/KASE, 04.03.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2011 жылдың 04 наурызынан
бастап "Альфа-Банк" АҚ (Алматы) KZP01Y03C987 облигациялары (ALBNb2; 10 000
теңге, 3,0 млрд теңге; 04.03.08 – 04.03.11, жылдық 12,00 % жартыжылдық
купон; 30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми
тізімінен шығарылды деп хабарлайды.
Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2008 жылдың 04 наурызынан
бастап "А" категориясы бойынша енгізіліп, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен
бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы
қағаздар" санатының бірінші санатшасына ауыстырылды. Олардың сауда-
саттығы 2008 жылдың 21 сәуірінен бастап ашылған.
Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың
өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер
бойынша) жылдық 1,50-ден 12,75 % аралығында құбылды.
2010 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы
қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі
бойынша 54-ші жайғасымды (нарықтың тиісті айналымынан 0,029 %)
және корпоративтік облигациялардың осыға ұқсас рейтингінде
42-ші жайғасымды (0,69 %) иеленді.