"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "АЗИЯ ҚАНТ" АҚ-НЫҢ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C52510019 (ASSA) ҚАРАПАЙЫМ АКЦИЯЛАРЫНА ISIN KZ1C00000181 (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРДІ

18.03.11 09:59
/KASE, 18.03.11/ – Қарапайым акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АЗИЯ ҚАНТ" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 11 наурызында ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірінің) берілгендігі туралы куәлік көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы), "Бағалы қағаздар және оларға жататын қаржы құралдары – Бағалы қағаздарды сәйкстендіру үшін нөмірлеудің халықаралық жүйесі (ISIN)" ISO 6166 халықаралық стандарттарға сәйкес, "АЗИЯ ҚАНТ" АҚ KZ1C52510019 қарапайым акцияларына (KASE ресми тізімі, үшінші санат, ASSA) KZ1C00000181 ISIN берді.