/ҚАЙТАЛАУ/ 18 НАУРЫЗДА БИРЖАДА ALTIUS HOLDINGS INC (КАНАДА) CA02153E1007 (CA_ALHO) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫН САТЫП АЛУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

17.03.11 09:35
/KASE, 17.03.11, 10.03.11 жаңалықты қайталау/ – 2011 жылдың 18 наурызында KASE сауда-саттық жүйесінде ALTIUS HOLDINGS INC (Калгари) CA02153E1007 жай акциялары (KASE ресми тізімі, үшінші санат, CA_ALHO) бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтағы сатып алушы "VISOR "Сентрас Секьюритиз" (Алматы) болып табылады. ALTIUS HOLDINGS INC жай акцияларының осы кездегі жарияланған және орналастырылған жалпы 182 644 452 дана. Сатып алушы бір лотпен барлық көрсетілген көлемді сатып алуды көздейді. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 12:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда- саттықтағы коды – CA_ALHOA. Сатушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 12:30-ге дейін анықтайды. Есептесулер Биржаның ережелер жинағына сәйкес сауда-саттық күні (Т+0) жүзеге асырылады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі екінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бір акцияның бағасы теңгемен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны сатылатын акциялардың санына тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі сатылатын акциялардың бір акцияның бағасына көбейтіндісіне тең болуы тиіс. Сату өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Бағалы қағаздардың потенциалды сатып алушысы сауда-саттық күні Алматы уақытымен 11:00-ге дейін Биржаның корреспонденттік шотына 14 500 000 000,00 (он төрт миллиард бес жүз миллион) теңге көлемінде кепілдік жарнаның бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Егер кепілдік жарна мәміле сомасын өтемесе, бағалы қағаздардың сатып алушысы өзі сатып алған бағалы қағаздарды төлеу үшін қалдық ақшаны Биржаның корреспонденттік шотына сауда-саттық күні Алматы уақытымен 15:00-ге дейін бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Егер сауда-саттықтар 2011 жылдың 18 наурызында өткізілмесе, онда олар 2011 жылдың 24 наурызында бара-бар шарттамен өткізілетін болады. Егер сауда-саттықтар 2011 жылдың 24 наурызында өткізілмесе, онда олар 2011 жылдың 25 наурызында бара-бар шарттамен өткізілетін болады. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған.