"ЖАЙЫҚМҰНАЙ" ЖШС (ҚАЗАҚСТАН) ZHAIKMUNAI FINANCE B.V. (НИДЕРЛАНДЫЛАР КОРОЛЬДІГІ) USN97708AA49 (US98951QAA31, NL_ZHMNE1) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ ЭМИТЕНТІНІҢ АУЫСҚАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

01.03.11 11:06
/KASE, 01.03.11/ – "Жайықмұнай" ЖШС (Орал, Қазақстан) Қазақстан қор биржасына (KASE) ақпараттық хабарлама ұсынып, былай деп хабарлады. Шикізат мұнайы мен газдық конденсанттың барлауын, өндірілуін және сатылуын жұзеге асыратын Zhaikmunai L.P. (ЛҚБ-дағы тиккері: ZKM) (бұдан ары мәтінде – "Жайықмұнай") 2010 жылдың 19 қазанында шығарылған облигациялар бойынша Zhaikmunai Finance B.V. орнына эмитент ретінде "Жайықмұнай" ЖШС ауысуы күшіне енгендігін жариялады. Аталмыш ауысым бастапқы шығарылым сәтінде жоспарланды және 2010 жылдың 19 қазанындағы эмиссия аңдатпасында сипатталды. Қазіргі уақытта "Жайықмұнай" ЖШС еншілес ұйымы болып табылатын Zhaikmunai Finance B.V. компаниясы 2010 жылдың 19 қазанында 450 миллион АҚШ доллары сомасына, 2015 жылдың 19 қазанындағы өтеу күнімен және 10,5% купонның тиянақталған мөлшерлемесімен, облигацияларды (бұдан ары - "Еурооблигациялар") сәтті орналастырды. Еурооблигациялар Люксембург Қор Биржасының ресми тізіміне енгізілді және Euro MTF Market-тегі сауда-саттыққа жіберілді. 2010 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан қор биржасы (бұдан ары - "KASE"). Еурооблигацияларды KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы бар бағалы қағаздар" санатына енгізуге рұқсат берді. Еурооблигациялар 2011 жылдың 24 ақпанынан бастап KASE ресми тізіміне енгізілді. KASE-тің аталмыш келісімін алғаннан кейін, 2011 жылдың 28 ақпанында Zhaikmunai Finance B.V. және Еурооблигациялар бойынша гаранттар ("Жайықмұнай" ЖШС қосқанда) еурооблигациялар бойынша облигациялық займның 4.15 тарауына сәйкес қосымша келісім жасасты, оған сәйкес "Жайықмұнай" ЖШС Еурооблигациялар бойынша эмитенттің барлық міндеттерін өз мойнына алды, ал Zhaikmunai Finance B.V. Еурооблигациялар бойынша эмитент ретінде өз міндеттерінен босатылды. Еурооблигациялар 2011 жылдың 02 науырызынан бастап "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE-дегі сауда-саттыққа жіберіледі деп күтулуде. Еурооблигацияларды KASE ресми тізіміне енгізу процедурасына қатысты "Жайықмұнай" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Осы құжатқа негіз болған бағалы қағаздар 1933 жылғы толықтырулар мен өзгертулері бар бағалы қағаздар туралы АҚШ заңына ("Бағалы қағаздар туралы Заң"), Америка Құрама Штаттарындағы кез келген штатындағы бағалы қағаздар туралы заңдарына сәйкес тіркелмеген және тіркелмейді. Ноталар Америка Құрама Штаттарында немесе АҚШ тұлғаларының пайдасына сатылымға ұсынылмайды және сатылмайды, егер аталмыш бағалы қағаздар Бағалы қағаздар туралы Заңда немесе тиісті ережелерде қарастырылған қағидаларға сәйкес тіркелмесе немесе босатылмаса. Бұл ретте бағалы қағаздардың кез келген ұсыныстарының кез келген бөлігін Америка Құрама Штаттарында тіркеудің және Америка Құрама Штаттарында бағалы қағаздарды көпшілікке ұсынудың кез келген ниеті болмайды. Туындаған сұрақтар бойынша "Жайықмұнай" ЖШС хабарласыңыз Bruno Meere, Инвесторлармен байланыс қызметінің жетекшісі investor_relations@zhaikmunai.com +44 (0) 1624 68 21 79 Pelham Bell Pottinger Philip Dennis Elena Dobson +44 (0) 20 7861 3232 Жайықмұнай компаниясы жайлы Жайықмұнай шикізат мұнайы мен газдық конденсанттың барлауын, өндірілуін және сатылуын жұзеге асыратын компания болып табылады. Компания акциялары Лондон қор нарығында орналастырылған (Тикер: ZKM). Компанияның негізгі активі Қазақстан солтүстік- батысында орналасқан Чинаревтік кен орны болып табылады. "Жайықмұнай" ЖШС Zhaikmunai L.P. компаниясының еншілес компаниясы болып табылады, ол жарғылық капиталдың 100% үлесіне ие және Чинаревтік кен орнындағы барлау, өндіру және өндірудің үлестік бөлімі туралы Келісім бойынша оператор болып табылады. Компанияның даму перспективалары Бұл құжаттағы бірқатар тұжырымдар компанияның даму перспективалары туралы мәлімдемелері болып табылады. Компанияның даму перспективалары туралы мәлімдемелерінде түрлі сұрақтарға байланысты Серіктестіктің және оның лауазымды тұлғаларының ниеттеріне, болжамдарына және ағымдағы күтілімдерге қатысты тұжырымдамалар қарастырылған. Құжатта "күтеміз", "божаймыз", " күтудеміз", "жсопарлаймыз", "істей аламыз", "жасаймыз", "міндеттіміз" сияқты сөздердің қолданылуы компанияның даму перспективалары туралы мәлімдемелерді білдіреді. Белгісіздік факторлары мен тәуекелдері нақты нәтижелер мұндай тқжырымдамаларда болжанған нәтижелерден айырықша болуына әкеліп соқтыруы мүмкін жағдайда, мұндай тұжырымдар уәде немесе кепілдік бола алмайды.