/ҚАЙТАЛАУ/ 2011 ЖЫЛДЫҢ 04 СӘУІРІНЕН 04 МАМЫРЫНА ДЕЙІН БИРЖАДА "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" БАРЛАУ ӨНДІРУ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1P51460114 (RDGZP) АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРЫН САТЫП АЛУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

31.03.11 09:54
/KASE, 31.03.10, 25.03.11 жаңалықты қайталау/ – 2011 жылдың 04 сәуірінен 04 марырына дейін KASE сауда-саттық жүйесінде "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) KZ1P51460114 артықшылықты акциялары (KASE ресми тізімі, үшінші санат, RDGZp) бойынша жетінші арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтағы уәкілетті сатып алушысы "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) болып табылады. "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ артқышылықты акцияларының осы кездегі жарияланған және орналастырылған жалпы саны 4 136 107 дана. Сатып алушы қағаздардың айтылмыш санынан 100 % сатып алуды көздейді. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде 2011 жылдың 04 сәуірінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 04 мамырдың ALT 16:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда- саттықтағы коды – RDGZpA. Сатып алушы кесімді бағаны 2011 жылдың 04 мамырында ALT 16:30-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес 2011 жылдың 10 мамырында (Т+3) жүзеге асырылады Есептесу жүргізілетін күні өтінімді қанағаттандыру сәтінде аталмыш акциялардың сатушылары бағалы қағаздардың "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы өз есеп-шоттарында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы тиісті есеп-шотында есептесу күніне дейін бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі екінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бір артықшылықты акцияның бағасы теңгемен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны сатылатын акциялардың санына тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі сатылатын акциялардың бір акцияның бағасына көбейтіндісіне тең болуы тиіс. Сату өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Сатып алушы бағасы кесімді бағаға тең немесе бағасы одан төмен өтінімдердің барлығын қанағаттандыра алады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа қатысу үшін бағалы қағаздардың сатушылары сатуға ұсынылған бағалы қағаздардың айналыста болуын шектейтін қандай да бір келісім-шарттың немесе заңнама негізінде кепіл заты болмайтынын, немесе қандай да бір ауыртпалық салынбағанын, сондай-ақ оларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес иеліктен шығаруға тиісті рұқсаттар алынғанын, соның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың келісімі берілгенін кепілдеуі міндетті. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталған сауда-саттықтар "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өзінің артықшылықты акцияларын қайта сатып алу жөніндегі бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Алдында хабарланғандай, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өзінің артықшылықты акцияларын қайта сатып алу бойынша бағдарламасын бекітіп, биржада қолданылатын ережелерге сәйкес, KASE отыз күндік арнайы мамандандырылған сауда-саттығында жекеленген ретті серияларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бағдарламаны 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр. "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ тиісті баспасөз-релизі http://www.kase.kz/news/show/1097005 мекен-жайы бойынша жарияланған. Осының алдында өткізілген алты сауда-саттық нәтижесі бойынша (2010 жылдың 09, 10 наурызы, 11 наурызы – 09 сәуірі, 30 сәуірі – 28 мамыры, 01–30 шілдесі, 01–30 қыркүйегі, 01-30 қарашасы, 2011 жылдың 05-31 қаңтары) сатып алушы жалпы сомасы 28 909 970 603,16 теңгені құрайтын 1 582 643 артықшылықты акция сатып алды, (соңғы сауда-саттықта жасалған мәмілелердің орындалу күні – 2011 жылдың 03 ақпандағы АҚШ долларының биржалық бағамымен баламасы 197 001 503,26 АҚШ долларына тең), демек қайта сатып алуға жоспарланған акциялардың жалпы санынан 38,3 % құрады. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпараттарды KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/shares/show/RDGZp мекен-жайы бойынша жарияланған