04 қаңтардан бастап KASE қайталама нарық секторында "INNOVA INVESTMENT" ЖШС (Қазақстан) KZ2P0Y05E195 (KZ2P00001712, INVAb1) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды

29.12.11 17:15
/KASE, 29.12.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2012 жылдың 04 қаңтарынан бастап KASE қайталама нарық секторында "INNOVA INVESTMENT" ЖШС (Алматы) KZ2P0Y05E195 KZ2P00001712, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты"; 10 теңге, 10,0 млрд теңге; 28.12.11 – 28.12.16, жарты жылдық купон жылдық 9,50 %, 30/360) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген таза бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "RESMI" Инвестициялық Қаржылық Үйі" АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2011 жылдың 28 желтоқсанынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/inva мекен-жайы бойынша жарияланған.