2011 жылдың 30 желтоқсанынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ашылады

29.12.11 17:02
/KASE, 29.12.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 30 желтоқсанынан бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі Intraday, 1, 2, 3 және 7 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде KAZAKHMYS PLС (Лондон) GB00B0HZPV38 KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_KZMS) жай акциялары қолданылады. Репо операцияларына тиісінше GB_KZMS_000, GB_KZMS_001, GB_KZMS_002, GB_KZMS_003 и GB_KZMS_007 кодтары берілді.